«Еңбек» бағдарламасы жұмыссыздықты азайтады

476 Views

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айында ел халқына жариялаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты екінші Жолдауында мемлекет халқының әлеуметтік әл-ауқаты мен тұрмыс салт жағдайы басты басымдыққа ие екенін атап өткен болатын.
Жалпы халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға деген ұмтылыс әу бастан келе жатқан үрдіс. Елбасымыз да бұған жіті көңіл аударған болатын. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы сол үрдісті алға қарай ілгерілетіп, жалғастыру үстінде. Халық кәдесіне жарайтын мемлекеттік бағдарламалардың бірі – Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы екенін айтқым келеді. Бұл бағдарлама 3 бағыт бойынша жүзеге асырылады. Ауданда аталмыш бағдарламаның І бағыты, яғни оған қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді оқумен қамтамасыз ету бойынша ағымдағы жылы кәсіби даярлау оқуына 50 адам оқыту жоспарланып, 9261,0 мың теңге қаражат бөлінді. Бүгінде бөлінген қаражат толығымен игеріліп отыр. Ағымдағы жылы 50 адам экскаватор-операторы, самосвал жүргізушісі, тігінші және аспазшы мамандықтарына оқуға жіберілді.
Бағдарламаның ІІ бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша да қыруар жұмыстар атқарылды. Нақтырақ айтсақ, 240 азаматқа 836,2 млн. теңге несие беру, кәсіпкерлік негіздері бойынша 120 азаматты оқыту жоспарланып, «Бастау-Бизнес» жобасымен аудандық кәсіпкерлер палатасы арқылы 239 адам оқытылды. Тараз қаласындағы «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» микрокредиттік ұйымы және кредиттік серіктестіктер арқылы 284 адам 1021685,0 мың теңге шағын несие алды. Жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 502 азаматқа 271012,2 мың теңге мемлекеттік грант берілді.
Бағдарламаның ІІІ бағыты «Ха­лықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» деп аталады. Біздің қызметкерлер бұл жөнінде солтүстік және шығыс өңірлерге өз еріктерімен қоныс аударушыларға ақпа­раттық түсіндіру жұмысын жүр­гізеді. Бүгінгі таңда ақпаратты түсіндіру жұмыстары нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысына 1 отбасы, Шығыс Қазақстан облысына 3 отбасы, Қостанай облысына 4 отбасы өз еріктерімен қоныс аударды.
Ағымдағы жылы жастар практи­касымен 80 жас түлектерді жұмысқа жіберу жоспарланып, бүгінгі күнге 58 жұмыс берушілерден жұмыс орын­дарына өтінімдер жинақталып, 109 адам жұмысқа жіберілді. Жастар прак­тикасына бөлінген 27436,0 мың теңге қаражаттың бүгінгі күнге дейін 26099,0 мың теңгесі игерілді.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 60 азаматқа 12675,0 мың теңге қара­жат бөлініп, бүгінгі күнге 83 азамат жұмысқа жолданды. Бөлінген қара­жаттың 10787,0 мың теңгесі игерілді.
Ал ақылы қоғамдық жұмыс орын­дарына 396994,0 мың теңге қаражат бөлініп, 1150 азамат жұмыспен қамты­лады деп жоспарланып, бүгінгі күнге 1287 адам қоғамдық жұмысқа жіберілді. Бөлінген қаражаттың 330759,0 мың тең­гесі игерілді.

Д.Балпанов,
аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары.

Поделиться ссылкой: