Қарт ананы құттықтады
27 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Saqbol қосымшасы коронавирустық инфекцияның таралуын бақылау, сондай-ақ «Exposure Notification» технологиясын (Google және Apple компанияларынан жұқтыру қаупі туралы хабарламалар жүйесі) пайдалана отырып, жұқтыру ошақтарын уақытылы оқшаулау мақсатында құрылды.
Қосымшаның жұмысы дәл сондай қосымша орнатылған басқа құрылғылармен контактілерді жасырын бақылауға және дәл сондай қосымша орнатылған басқа құрылғылар мен шифрланған өзара әрекеттесу жазбаларын сақтауға бағытталған.
Saqbol мобильді қосымшасы GooglePlay (қажетті Android нұсқасы — 6.0 немесе одан кейінгі), AppStore (қажеттіi OS нұсқасы — 13.5 немесе одан кейінгі) жүктеулерінде қолжетімді. Қосымшаның дұрыс жұмыс істеуі үшін сізде операциялық жүйенің соңғы нұсқасы орнатылғанына көз жеткізуді ұсынамыз. Мобильді қосымша қалай жұмыс істейді? Ендеше осы сұраққа жауап іздеп көрелік.
Ең алдымен Saqbol қосымшасын смартфонға орнатыңыз, Bluetooth қосыңыз және телефонды үнемі өзіңізбен бірге алып жүріңіз. Осы қосымшаны орнатқан басқа адамдармен жақын байланыста болған кезде, сіздің смартфондарыңыз Bluetooth арқылы шифрланған сәйкестендіргіштермен алмасады. Сәйкестендіргіштің әрбір бақылау сомасы оны жасағаннан соң екі аптадан кейін пайдаланушы құрылғысынан автоматты түрде жойылады.
ПТР тестін тапсырғаннан кейін пайдаланушының мобильді нөміріне нәтижені білу үшін Saqbol қосымшасында енгізуге болатын 10 таңбалы коды бар sms хабарлама келеді.
Қосымшаны пайдалану үшін тіркеу қажет емес. Қосымша ешбір жеке деректерді немесе орналасқан жер туралы деректерді жинамайды немесе жібермейді. Бұл дегеніміз – сіз кіммен байланысқаныңызды және бұл байланыс қайда болғанын ешкім анықтай алмайды.
Егер Saqbol қосымшасының пайдаланушысы коронавирусқа оң нәтиже алса, ол өз қосымшасындағы хабарландыру функциясын іске қоса алады. Бұл соңғы 14 күн ішінде екі метрден аз қашықтықта және 15 минуттан астам уақыт ішінде жұқтырған адаммен байланыста болған қосымшаның басқа пайдаланушыларын ескертеді.
Хабарламаны іске қосқан кезде қосымша автоматты және анонимді түрде бұл туралы қосымшаның басқа пайдаланушыларын хабардар етеді.
Хабарлама алған пайдаланушылар қосымша арқылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұдан арғы іс-қимылдар туралы ұсынымдарымен таныса алады.
Қосымшаны пайдалану Қазақстан Республикасының аумағымен шектелген.
Аудандық ішкі саясат бөлімі.