572 Views
13 қаңтар күні аудан әкімі Ерболат Садырқұлов аудан тұрғындарын қабылдап, кездесу өткізді. Кездесу Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізінде өтті. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып отыр. Осы мақсатта өткізілген аталмыш кездесуге ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары мен аудан тұрғындары қатысты. Аудан басшысы жергілікті тұрғындардың өтініш-тілегін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Тұрғындар ауданның әлеуметтік, тұрмыстық, қоғамдық мәселелері бойынша сөз қозғап, ойда жүрген сауалдарына толық жауап алды. Аудан әкімі де ешбір бүкпесіз еркін форматта әңгіме өрбітіп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы біршама ақпаратты ортаға салды. Сонымен қатар, Ерболат Салқынбекұлы қосымша сұрақтарды аудан әкімдігінің «Facebook», «Instagram» парақшасында қоюға болатынын атап өтті.
«Құлан таңы» ақпарат.
Поделиться ссылкой: