ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ: Жыл басынан бері 7 факті тіркелген

570 Views

ПАНДЕМИЯНЫҢ КЕСІРІНЕН ӘЛЕМ БОЙЫНША БАРЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ОНЛАЙН ФОРМАТТА ОРЫНДАЛУДА. СОНЫҢ КЕСІРІНЕН БОЛУЫ КЕРЕК, СОҢҒЫ КЕЗДЕРІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДІ ЖЕТІ АТАСЫНДАЙ ТАНЫП АЛҒАН АЛАЯҚТАРДЫҢ САНЫ КҮН САНАП АРТЫП БАРАДЫ. МӘСЕЛЕН, ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ АУДАНЫМЫЗДА ОСЫҒАН ҰҚСАС 7 БІРДЕЙ ФАКТІНІҢ
ТІРКЕЛУІ ЖОҒАРЫДАҒЫ СӨЗІМІЗГЕ АЙҚЫН ДӘЛЕЛ.

«Ардан безген алаяқтардың аяқ-қолына тұсау сала аламыз ба?» немесе «Олардың қылмыс­тық іс-әрекетін әшкере қылу­дың жолы қандай?» деген сауал­дарды басты назарға алып, біз аудандық полиция бөлімінің бастығы Олжас Омарбековпен азды-кем тілдескен едік. «Расы­мен де, соңғы кездері ғаламтордағы алаяқтар өз қа­дам­дарын алшаңдап басып жүр­ген жайы бар. Оған әсер ет­кен негізгі фактор – аза­мат­тардың немқұрайлылығы әрі аң­­ғалдығы. Мысалы, соңғы күндері қазақстандықтардың ұялы телефонына бейтаныс нөмірлерден қоңырау шалу фак­тілері жиілеп кеткен. Өзін банк қызметкері ретінде таныс­тырған ғаламтор серкелері әр түрлі нөмірлерден қоңырау ша­лады. Егер де сіз атаулы нөмірге өзіңіз қайта қоңырау шалсаңыз, алаяқтар әлеуметтік инженерияның дәстүрлі әдісін қолданады. Ол алдымен шоттар бойынша санкцияланбаған операциялар туралы хабарлайды. Ізінен клиенттерден құпия деректерді сұрап, шотыңыздағы ақшаны «қауіпсіз» жерге аудару керектігін айтады. Осыған әбден сендіреді. Мұндай жағдайда сөйлесуді бірден тоқтатып, бұл туралы банкке немесе құзырлы органдарға хабарлау қажет» – деген бөлім бастығы аудан тұрғындарын алаяқтардан ба­рынша сақ болуға шақырды.
Құрметті оқырман! Есіңізде мына бір ескертпелерді мұқият сақтаңыз:
1) банк өкілдері сізден банк картасының 16 таңбалы нөмірін, картаның алдыңғы жағында орналасқан оның қолданылу мерзімін және картаның артқы жағындағы 3 таңбалы СVV/CVC кодын хабарлауды немесе жолдауды ешқашан сұрамайды;
2) ешбір жағдайда SMS-хабар­лама арқылы келген код­тар­ды ешкімге жолдауға бол­майды;
3) «банк қызметкерлерінің» және үшінші тұлғалардың тала­бы бойынша TeamViewer, AnyDesk және т.б. қосым­ша­ларды телефондар мен ком­пью­терлерге жүктемеңіз, көр­сетілген қосымшалардың кө­­ме­гімен алаяқтар сіздің құ­рылғыларыңызды толықтай бақы­лауға алып, шоттарыңыздан ақша жымқыруы әбден мүмкін.

Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.

Поделиться ссылкой: