ТАҒАЙЫНДАУ

803 Views

ТАҒАЙЫНДАУ

 Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Манарбек Тлеповтың 2018 жылғы 1 тамыздағы №215ө/жқ өкімімен Жанәділов Досмұханбет Сыдықбайұлы Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Жанәділов Досмұханбет Сыдықбайұлы 1982 жылы 11 қаңтарда Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Қарақат ауылында дүниеге 

 келген. Білімі жоғары. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін 2004 жылы аяқтап, «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша Инженер-жерге орналастырушы біліктілігі берілді.

Еңбек жолын 2004 жылы Тараз қаласындағы Жамбыл еншілес мемлекеттік кәсіпорнында жұмысшы болып бастап, 2004-2007 жылдары Инженер-жерге орналастырушы қызметін атқарған. 2007 жылдан күні бүгінге дейін Жер кадастры және жылжымайтын

 мүлік бойынша Тұрар Рысқұлов аудандық бөлімінде басшы, басшының орынбасары қызметтерін атқарып келді.

Поделиться ссылкой: