Теміржолшылар күні мерекесімен құттықтау
Теміржолшылар күні мерекесімен құттықтау
ҚЫМБАТТЫ, ТЕМІРЖОЛШЫЛАР МЕН ТЕМІРЖОЛ САЛАСЫ АРДАГЕРЛЕРІ!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – теміржолшылар күнімен құттықтаймыз! Сіздердің еңбектеріңіз үлкен жауапкершілік пен қауіп-қатермен тікелей байланысты. Себебі жүргізушілер, олардың көмекшілері мен жолсеріктері миллиондаған жолаушылардың өміріне және тасымалданатын мыңдаған тонна жүктерге жауапты. Кез келген техникада күшпен қатар қауіп те жүреді. Жолаушы болсын, жүк тасымалдайтын болсын поездар алыс не жақын жерлерге жүргенде, олардың алда не боларын болжау қиын. Бұл ретте техникалық фактор кәсібилік пен шеберлік, адами фактор әр қызметкердің сабырлылығы мен өз ісіне адалдығы қажет. Луговой станциясы -Қазақстан теміржолының ең маңызды стратегиялық объектілерінің бірі, тоғыз жолдың торабы. Осы жерден жолаушылар жаңа өмірге, жаңа істерге және жаңа өзгерістерге жол тартады. Луговой станциясының барлық теміржолшыларына зор денсаулық, өмірге деген құштарлық тілей отырып, еңбектеріңізге табыс пен іскерлік тілейміз!
Бүгінде Үкімет өз тарапынан отандық теміржол саласын дамытуға және оның тиімді жұмыс істеу мәселесіне ерекше назар аударып келеді. Біз магистральді жолдардың өткізу қабілеттілігін одан әрі ұлғайтуға және ұлттық теміржол желісін еліміздің өсе түскен экономикасына сәйкес етіп қалыптастыруға ниеттеніп отырмыз.
Құрметті теміржолшылар! Сіздер бүгінгі күні теміржол саласында еңбек етіп, еліміздің дамуы жолында, ел игілігі үшін елеулі жұмыс атқарып келесіздер. Қоғамдық маңызы зор жауапты қызметтегі біліктіліктеріңіз бен көлік және байланыс саласындағы сүбелі үлестеріңізді біз әрдайым жоғары бағалаймыз. Осы мерекелі күнде Сіздерге мықты денсаулық, толайым табыс, отбасылық амандық және несібелі жетістіктер тілейміз!
Аудан әкімі А.ҚЫРЫҚБАЕВ
Аудандық мәслихат хатшысы Т.ЖАМАНБАЕВ