Жақсылықпен кел, Жаңа жыл
54 ViewsЖаңа жыл мерекесі аудан орталығында да, әрбір ауылдық округтерде де ерекше тойланды. Дәл сондай ерекше форматтағы Жаңа жылдық мерекелік кеш Көгершін ауылында да өтті.…
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен аудандық полиция бөлімінің бірлесе ұйымдастыруымен «Қоғамдық сақшы» жобасы аясында «Стоп қылмыс» атты акциясы өтті. Акцияның басты мақсаты – әлеуметтік желі алаяқтарына тосқауыл қою және жол ережесін бұзу фактілерін азайту. Шара барысында «Жалынды жастар» волонтерлер корпусының еріктілері, «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері, аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары арнайы үн парақтар таратып, тұрғындар мен жастарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл шара аудан аумағындағы 15 ауылдық округте «Жастар ресурстық орталығының» ауылдық округтердегі жастар ісі жөніндегі инспекторларының ұйымдастыруымен жалғасын табатын болады. Сондай-ақ, осы жоба аясында «Жастар ресурстық орталығы» мен аудандық полиция бөлімі арасында арнайы жоспарлар әзірленіп, жыл соңына дейін құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түрлі жұмыстар жүргізілетін болады.
«Құлан таңы» ақпарат.