Ағаш көшеттері отырғызылды
38 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Өткен аптаның жұмасында аудандық кітапхананың коворкинг орталығында шағын жиын өтті. Оған тіл төңірегінде тұшымды ой айта алатын ауданға белгілі әрі белсенді азаматтар қатысты. Атап айтатын болсақ, жиынға аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлмираш Қырықбаева, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ренат Сартаев, жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Бахтияр Асқар және аталмыш орталықтың дін саласына жауапты маман Нұрлан Төленді қатысты. Сондай-ақ, іс-шараға аудандық кітапхананың әдіскері Ұлжан Нұрходжаева мен тілдерді оқыту орталығының аудандық бөлімшесінің меңгерушісі міндетін атқарушы Фариза Елемес те белсенді қатысып, өз ойын ортаға салды.
Дәл қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Сыбайлаc жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі бекіткен «Адалдық алаңы» жобасы аясында көптеген ілкімді істер атқарылуда. Бүгінде ел астанасында аталмыш жобаны басты бағдарға алып, «Парасат жолы» деп аталатын орталық ашылғаны баршамызға белгілі. Орталықты ашудағы басты мақсат – парасаттылық идеологиясын насихаттау мен ілгерілету, ғылыми, шығармашылық интеллигенция және дін өкілдерімен бірлесіп, қоғамда парасаттылық идеологиясын жоғарылату. Мағынасы кең, мазмұны бай, тақырыбы терең сұхбат арқылы ел көңілінен шығатын көкейкесті мәселелерді талқылау. Сонымен қатар, жоба барысында мәдениеттілік, парасаттылық, қарапайымдылық, қайсарлық сынды адами қасиеттерді және парасат идеологиясын жалпы қоғамға түсіндіру міндеттері талқыланады.
Жоғарыда атап өткен мақсаттардың маңыздылығын ескерген мамандар еліміздің әр түкпіріндегі кітапханалардың базасында «Парасат жолы» филиалдарын жаппай ашып, елордалық тәжірибені еліміздің барлық өңірлеріне таратуды көздеп отыр. Нақты қадамдарға негізделген жүйелі жоспарлар бүгінде біртіндеп жүзеге асуда. Нақтырақ айтатын болсақ, жуырда қабылданған шешім бойынша аудандық кітапхананың жанынан «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» орталығы өз жұмысын бастады.
Жұмысын ресми түрде бастаған орталықтың алғашқы іс-шарасы «Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры» тақырыбында өрбіді. Айта кету керек, аты аталған шарапаты мол іс-шара 21 ақпан – Халықаралық ана тілі күніне орай ұйымдастырылды.
Пікірсайыс алаңында тіл төңірегіндегі мәселелер ашық айтылды. Сондай-ақ, жиында қазіргі қоғамда үлкен талқыға түсіп жатқан латын әліпбиінің алдыңғы және соңғы үлгілері жайында кеңінен сөз қозғалды. Сонымен қатар, қатысушылар жаңадан ашылған жоба, тіл туралы өзекті ойларымен бөлісіп, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру мақсатында тың идеяларымен бөлісті.
Жәнібек СӘДУАҚАС.