Қазақстан – қызғалдақтың Отаны

554 Views

Біз, әдетте Голландия мемлекетін қызғалдақтар елі деп атап жатамыз. Шын мәнінде жер шарының қай түкпірінде болмасын, алуан түсті қызғалдақтар өседі. Тарихи деректерді зерделеп көрсек, қызғалдақтың тұқымы Ұлы Жібек жолы арқылы әуелі Түркияға, содан соң Голландияға жеткен деген мәлімет бар.
Бір қызығы, қызғалдақ гүлі біздің мемлекетіміздің барлық аймағында өседі екен. Республиканың батыс және солтүстік, шығыс өңірінде де бұл гүлдің бүршік ататынын газет беттерінен оқып жүрміз. Алайда, Қазақстандағы қызғалдақтың Отаны – ол оңтүстік өңір екені екібастан белгілі. Бұл аймақта қызғалдақтың 30-ға жуық түрі өседі екен. Жылына бар болғаны 15 күн ғана гүлдейтін қызғалдақтар бүкіл алқапты қызыл кілемге көмкеріп, жазиралы кең даланы одан сайын асқан сұлулық пен әсемдікке бөлейтіні рас. Және бір айта кететін жайт, қызғалдақтар наурыз айының соңғы күндерінде өсіп шығатын болғандықтан, қарға тамырлы қазақтың төл мерекесі әз-Наурыздың символы десек те жарасады.

Жолдасбектің Мараты

Поделиться ссылкой: