Музыканың әлемі – Төлебаев мектебі!
84 ViewsӨткен сенбіде Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің ұжымы өздерінің 50 жылдық мерейтойларын атап өтті. «Шығармашылық пен еңбектің жарты ғасыры» деген тақырыпта өткен Мэлс…
Наурыз мерекесіне орай аудандық ішкі саясат бөлімі жұмысты жүйелі түрде жүргізу үшін арнайы жоспар әзірлеген болатын. Аты аталған жоспарда ардагерлерді мерекемен құттықтау бөлімі де бар.
Мереке қарсаңында аталмыш тапсырманы орындау мақсатында Құлан ауылының әкімі Еркін Сейтжапаров округке қарасты Қарақат ауылына арнайы барып қайтты. Ауыл әкімі елді мекен тұрғыны Ганна Иманбаеваның шаңырағында болып, талай жылдар бойы ауылшаруашылығы саласында еңбек еткен ақ жаулықты анаға «Тұрар Рысқұлов ауданының Құрметті ардагері» атты төсбелгісін табыстады.
Төсбелгіні табыстау рәсіміне Қарақат ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы Үмбет Жанәділов те қатысты. Ақсақал өз сөзінде Ганна әжейдің ұлты өзге болса да, өз балаларына қазақи тәрбие бергендігін, сондай-ақ, ұзақ жылдар бойы ауылшарушылық саласында еңбек еткенін атап өтті.
Кезінде қазақ келіні атанып, 10 құрсақ көтерген Ганна әжейдің бүгінде 35 немересі 30 шөбересі бар.