Қарт ананы құттықтады
34 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласында қайырымдылық жасау қазақы қасиетіміздің негізгі қағидаттарының бірі екенін
алдыға тарта отырып, «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деп жазған болатын. Мінеки, мақаланың жарық көргеніне 1 жылдан асты. Қазіргі күні рухани жаңғыру бойынша алаш туы астында алты принципке негізделіп, 6 арнайы жоба, 6 кіші бағдарлама жүзеге асырылып, жүйелі жұмыстар тізбегі жүргізілу үстінде. Осы ретте, аталған жобалардың ішіндегі «Атамекен» кіші бағдарламасы шеңберінде биыл екінші мәрте ұйымдастырылып отырған республикалық «Жомарт жүрек» сыйлығының мәні мен маңызы айрықша рөлге ие екендігін айта кеткен жөн. Сыйлықты ұйымдастырушылар сөз басында тілге тиек еткен Президент мақаласындағы оймақтай ойды негіз етіп, адамзат баласына тән мейірімділік пен кеңдіктің үлгісін паш етуді мақсат тұтқан десе болады.
2017 жылдан бастап «Жомарт жүрек» сыйлығы«Жыл меценаты», «Туған өлке», «Жүректен жүрекке», «Жылдың үздік ұйымы», «Ерен еріктілік» және «Батыл жүрек» номинациялары бойынша беріліп келеді. «Жомарт жүрек» сыйлығын ұйымдастырудағы
басты мақсат – білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, коммуналдық шаруашылық және басқа да салалардағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырып, қоғамдық пайдалы қызметке азаматтардың тартылу деңгейін арттыру.
Шыны керек, қасиетті Құлан жерінде қайырымдылыққа жаны құштар жомарт азаматтардың қатары өте көп. Біздің ойымызша, олардың бәрі материалдық байлықтан өзге рухани жан азығы мол, «мансабым жоқ деп қайғыланбай,
керісінше, өмірден өз орнымды табам деп қайғылан» деген берік ұстанымды ғұмырлық қағидасына балаған аудан мақтаныштары болып есептеледі. Жұма күні аудандық мәдениет үйінде өткен «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттарын құттықтау рәсіміне қатысып, сондағы атмосфераны көзбен көріп, көңілге түйген мына бізге осындай салмақты ой келіп отыр. Салтантты шарада аудан әкімінің орынбасары Бейсенбек Әлпейісов сөз сөйлеп, аталмыш марапаттың қоғамдық белсенділікті арттыруға зор үлес қосатынын айрықша атап өтті.
Сыйлықты тапсыру рәсімі басталған сәтте мәдениет үйінің сахнасына қойылған үлкен лед-экраннан көз жазбадық. Себебі, онда жоғарыда аталған номинациялар бойынша топ жарған сыйлық иегерлерінің есімдері жазылған болатын. Сонымен қатарынан екінші мәрте ұйымдастырылырып отырған «Жомарт жүрек» сыйлығын иеленген ауданымыздағы азаматтар мен азаматшалардың есімдері төмендегідей тізімде. «Шәушен» шаруа қожалығының жетекшісі, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Сайранбай Дөненбаев «Жыл меценаты» атанды. Адалын
айту керек, Сайранбай Әліқұлұлы бұл атаққа әбден лайық тұлғалардың бірі. Себебі, өзге ілкімді тірліктерін айтпағанның өзінде былтыр ғана өз қаражаты есебінен балалар бақшасын салып, оны мемлекеттің меншігіне тегін тапсырған жомарттығын қалай ғана ұмытамыз. «Туған өлке» номинациясы бойынша «Жомарт жүрек» сыйлығы Көкдөнен және Жақсылық ауылының аузы дуалы қарияларына Астана мен Алматының көрікті жерлерін көрсетіп, ауылдық округтегі
әлеуметтік аз қамтылған отбасы мүшелеріне көмек қолын созған жерлесіміз Азаматхан Әміртаевқа берілді. Әрқашан игі істердің қолдаушысы болудан таймаған ауданның Құрметті азаматы Сәбит Садықов, «Құлан жолдары» ЖШС-нің басшысы Қонысбай Сағынбеков, «Сүйін» және «Ақ қайнар» шаруа қожалығының жетекшілері Әлихан Бәрменқұлов пен Сұлукүл Дәлібаева, қайырымды азамат Мұрат Бәйтіков және «Тазалық» ЖК төрайымы София Канароваға «Жүректен жүрекке» номинациясы тапсырылды. Қайырымдылық көмек көрсетудің тиімді түрлерін тауып, қоғамдық маңызы бар шараларға белсене атсалысқан «Құлан энерго-жылу» қоммуналдық қазынашылық кәсіпорны «Жылдың үздік ұйымы» бойынша «Жомарт жүрек» сыйлығын иеленсе, «ЭлАй-Құлан» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марлен Әденов «Ерен еріктілік» номианиясымен марапатталды. Ал, жыл басында Әбжапар елдімекенінде орын алған су тасқыны кезінде ұмытылмас ерлік жасаған Әлібек Әнтаевқа «Батыл жүрек» номинациясы табыс етілді.
Марат ДИХАНБАЙ.