ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР бас қосты
ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР бас қосты
Елбасы Н.Назарбаев «Әйелдің жағдайы қандай болса, қоғамның жағдайы сондай болады» деп ой түйгені бекер емес. Сондай-ақ, ол «Қоғамның даму барысын өмірде нәзік, көңілде биік, ал істе мығым әйелдер қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес» деген еді. Расында да, қоғамның дамуы әйелдер қауымына көбірек байланысты екені даусыз.
Елбасы Н.Назарбаев «Әйелдің жағдайы қандай болса, қоғамның жағдайы сондай болады» деп ой түйгені бекер емес. Сондай-ақ, ол «Қоғамның даму барысын өмірде нәзік, көңілде биік, ал істе мығым әйелдер қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес» деген еді. Расында да, қоғамның дамуы әйелдер қауымына көбірек байланысты екені даусыз.
Ауданымызда өз кәсібін дөңгелетіп, қоғамдық шараларға белсене қатысып, халыққа қызмет жасап жүрген нәзік жандылардың басын қосқан «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы жанындағы Т.Рысқұлов аудандық іскер әйелдер кеңесі құрылғалы да аз уақыт болған жоқ. Осы уақыттар ішінде аталған кеңес мүшелерінің талай шаруаны тындырғаны да жасырын емес.
Жуырда аудандық іскер әйелдер кеңесі мен аудандық аналар кеңесінің біріккен кезектен тыс жиыны өтті. Аудандық іскер әйелдер кеңесі төрайымы Эльмира Мырзагельдиева, «Эл-ай» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Сәуле Әденовалар бастаған іскер әйелдер қатысқан жиында 2018 жылдың ІІ жартыжылдығында атқарылуы тиіс іс-шаралар жоспары талқыланды. Бұл басқосуда аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ләззат Өтеулиева да аудандық деңгейде атқарылар жұмыстармен таныстыра келе, кәсіпкерлер тарапынан қолдау қажеттігін, бірлесе жұмыстар атқару туралы тың идеяларын жеткізді. Жиынға қатысқан кеңес мүшелері «Есім-Би» шаруа қожалығының басшысы Гүлжан Қоңырбаева, құрылыс материалдарын шығару ісімен айналысатын Маржан Оспанова,кондитерлік өнімдердің иесі Дидар Бидайшиева, қыз жасауымен айналысатын Кенжегүл Байқұлова т.б. істің көзін тапқан нәзік жандылар өз ой-пікірлерін айтып, ұсыныстарымен бөлісті.
Кеңес мүшелері қоғамдық мәселелер мен қайырымдылық іс-шараларды да естен шығармады, игі істен тысқары қалмай, көмекке зәру жандарға қайырымдылық жасауға, республикалық «Мектепке жол» атты акцияға өз үлестерін қосатынын жеткізді. Осылайша игі шараларды жоспарлау мақсатында бас қосқан іскер әйелдер мен аналар кеңесі жаңа жоспарларды жүзеге асыруға белсене кірісіп те кетті.
Салтанат Қарасаева