Аудан басшысы Е.Садырқұлов «Арай» тұрғын үй алқабындағы 80 пәтерлік үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты

680 Views

Жалпы ауданда тұрғын үй мәселесі өте өзекті. 2006 жылдан бері пәтер кезегі мүлдем жылжымаған. Оған себеп – коммуналдық тұрғын үй қорында үйдің жоқтығы. Ал бас­панаға сұраныс жыл санап артып келеді. Қазір кезекте тұрған тұрғындар саны – 1178 адам. Бұл мәселені шешу үшін республикалық бюджеттен қара­жат бөлініп, 2020 жылы Құлан ауылындағы «Арай» тұрғын үй алқабында 5 қа­батты 80 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы басталды. Бүгінде құрылыс басында жұмыс қарқынды түрде жү­ріп жатыр. Аталмыш үйдің құры­лысы тамыз айында аяқталады деп күтілуде. Айта кетерлігі, тұрғын үй алқабында 5 қабатты 80 пәтерлі екінші үйдің құрылыс жұмыстары да басталды. Өткен аптада аудан әкімі Е.Садырқұлов құрылыс басына барып, жұмыстың барысымен танысты.
– Ауданда үй кезегіне тұрушы адамдардың саны күн санап артып келеді. Талай жылдан бері қордаланып келген мәселені шешу мақсатында аудан әкімдігі тарапынан қыруар жұмыс атқарылып, нәтижесінде көз алдымызда ел игілігі үшін көпқабатты үй бой көтеруде. Биыл бірінші үйдің құрылысын аяқтап, пәтерлерді кезекте тұр­ған азаматтарға таратамыз. Бірақ, үйдің құрылысы жақсы, са­пасы жоғары болуы керек, – деп Е.Садырқұлов тиісті сала бас­шыларына жұмыстың маңыз­ды­­лығын қадап айтты.
Биыл талай жылдан бері дау­лы болған Қарақыстақ және Жаңатұрмыс ауылдық округ­терінің Каменка, Жал­пақ­­саз, Тасшолақ, Қа­зақ және Жаңатұрмыс елді­ мекендеріне газ құбыры тартылып, көгілдір отын мәселесі ше­ші­леді. Жұмыс алгоритміне сәйкес аудан әкімі Ка­менка ауылында болып, газ құбырын тарту жұмыстарымен танысып, жұмыстың сапалы әрі уақытылы аяқталуы қа­жет екенін тиісті мекеме басшы­ларына жеткізді. Бес ауылға толық газ тарту жұмыстары биыл 30 маусымда аяқ­талып, халық игілігіне бері­леді деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, аудан әкімі жоба қуаттылығы са­ғатына 2,3 мВт, жылына 9,78 млн. кВт/с электр энергиясын өн­діретін, 15 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отырған «Қарақыстақ Су Электр» станциясының жұмы­сымен танысты.

Аудан әкімінің
баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: