Құрылыс нысандарын аралады

763 Views

Өткен аптада аудан әкімі Ерболат Садырқұлов бірқатар құрылыс нысандарын аралап шықты. Ондағы оның мақсаты – құрылыс барысын бақылап, жұмыс сапасына баға беру болатын. Аудан басшысы барған алғашқы нысан – Құлан ауылының батыс кіреберісіне орнатылып жатқан арка болды.
Жалпы биыл аудан орталығы ерекше реңкке бөленбек. Бұл бағытта аудан басшылары бір­қатар жобаларды қолға алып, бүгінде жүзеге асыруда. Со­лардың бірі – Құлан ауылының батыс кіреберісіне орна­тылып жат­қан арка. Атал­мыш арка ауыл көркін ашып қана қоймай, аудан беделіне айналмақ. Сондықтан да аталмыш құрылыс нысанын аудан басшысы өз бақылауында ұстап отыр. Құрылысты «К плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Мердігер компания өкілдеріне аудан әкімі құрылыс жұмыстары жобалық-сметалық құжатқа сай жасалынып, уақтылы әрі сапалы жүргізілу керектігін ескертті. Тіпті, жұмыс жоспар бойынша жүрмей жатқан жағдайда, құрылысшылар санын ұлғайтуды тапсырды.
Сондай-ақ, Ерболат Сал­қынбекұлы «Жеңіс» саябағын көркейту жұмыстарымен де та­нысты. Алдағы уақытта жаңа келбеттегі саябақта спорт­пен айналысатын алаң мен жаяу жүргіншілерге арналған жол­дарды салу көзделіп отыр. Аудан әкімі бұл жұмысты жүргізіп жатқан «АйсуСтройЭхсперт» мекемесі қызметкерлеріне жарық шамдар орнату мен жаяу жүргіншілер жолын салу кезінде сапаға баса мән беру керектігін айтты. Сонымен қатар, аудан әкімі саябақ аумағын абаттандыру жұмыстары да назардан тыс қалдырмай, жоспарға сәйкес қатар орындалу керектігін ескертті.
Аудан әкімінің есеп беру жиналыстарының бірінде Жібек жолы көшесінен орталық ауруханаға апаратын жолдың жайы тұрғындар тарапынан көтерілген болатын. Бүгінде бұл жұмыста құрылыс жоспарына енгізіліп, жұмыстар жоғары деңгейде жүргізілуде. Жоба жұмысын жүргізуді «Думан НК» мердігер компаниясы өз мойнына алған. Аталмыш жұмысты тексерген аудан басшысы құрылысты апта соңына дейін аяқтау керектігін тапсырды. Сондай-ақ, ауыл әкімі Е.Сейтжапаровқа жұмыстың сапалы әрі тиянақты орындалуын сәт сайын қадағалап тұруды жүктеді.
Аудан әкімі өз іс сапарында Панфилов көшесіндегі көп­қабатты үйлерінің ауласына ба­лалар ойын алаңын орнату және абаттандыру, көше бойын жарықтандыру және Құлан ауылындағы су іркуіш ғи­маратын қайта жаңғырту жұмыс­тарымен де танысты. Аралау ба­рысында мердігер ұйым өкіл­дерімен кездесіп, бірқатар мәселе­лерді талқылады.

Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.

Поделиться ссылкой: