Уақытты үнемдеудің тәсілі- «Электрондық үкімет»

215 Views

Мемлекеттік корпорация азаматтардың цифрлық сауаттардың арттыру бағытында да көптеген жұмыстар атқаруда. Мысалы, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп фронт-офистерден тыс емханаларда, кітапханаларда, әкімдіктердың ғимараттарында өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары іске қосылған болатын. Қазіргі таңда аудан орталықтарында фронт-офистерден  тыс ашылған өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында жоспарға сәйкес филиал қызметкерлері тарапынан оқыту  жұмыстары жүгізілуде. Сонымен қатар еңбекші  көшіп келушінің Қазақстан Республикасы  жұмыс жасауға рұқсат алу үшін  көші-қон бөлімдеріне жүгінбей-ақ , филиадың аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімдерінен қызмет алуына болады. Аталған қызмет түрі электрондық түрде көрсетіледі және толығымен  автоматтандырылған.

Жүргізушілердің ыңғайлылығы үшін Т.Рысқұлов аудандық бөлімінде Egov kz порталында өтінім беру арқылы жүргізуші куәліктерін үйіне дейін жеткізу сервисін, халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде қызмет алушылардың құжаттарын үйіне дейін жеткізу сервисін іске қосатындығын айта кеткен жөн.

«Азаматтарға арналған үкімет»

                                                         мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

                                                          Жамбыл облысы бойынша филиалының

                                                         Т.Рысқұлов аудандық Халыққа

                                                          қызмет көрсету бөлімі

                                               

 

Поделиться ссылкой: