Көкжөтел дегеніміз не?
43 ViewsЖоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығының зақымдалуымен және ауыр жөтелдің пайда болуымен сипатталатын жедел инфекция көкжөтел деп аталады. Көкжөтел — жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығын…
Вирусты жұқтыру оңай, көп жағдайларда оны емдеу қиын. Өзіңізді және жақындарыңызды инфекциядан қорғау және аймақтағы жағдайдың нашарлауына жол бермеу үшін эпидемияға қарсы барлық шараларды жауапкершілікпен орындау қажет. Бұл – бетперде тағу және қоғамдық орындарда әлеуметтік қашықтықты сақтау, жеке гигиена. Вирустан қорғаудың ең тиімді әдісі вакцинация болып қала бермек.
Вакцинациялау – адам организміне вакцина немесе арнайы тәсілмен дайындалған антигендік қасиеті бар заттарды енгізу арқылы белгілі бір жұқпалы аурудан алдын ала сақтандыру үшін қолданылатын әдіс.
Қазақстанда қолданылатын барлық вакцина тиімді әрі қауіпсіз екендігін мәлімдейміз. Елімізде коронавирусқа қарсы ақылы вакциналау рұқсат етілмеген. Осы орайда, олар екпе алуға жататын адамдарға ақысыз негізде вакцина ала алады.
Елімізде вакцинаның алынған көлемі – КВИ-ге қарсы вакцинациялауға жататын контингентті және вакцина салдырғысы келетін адамдарға екпенің қолжетімділігін барынша кеңейтуге мүмкіндік береді. Вакциналау вирустың таралуын азайтудың жалғыз жолы екенін тағы да еске саламыз. Осыған байланысты қарсы көрсеткіштер болмаса, аудан тұрғындарын екпе салдыруға шақырамыз.
Өзімізді, жақындарымызды індеттен бірге қорғайық!
Ұ.Әшімбек,
аудандық орталық аурухананың СӨСҚ бөлімінің дәрігері.