Ауыл тұрғындарына қолжетімді көмек

503 Views

Көкдөнен ауылдық округі әкімі аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтерді ашық, қолжетімді, сапалы қолданып және электронды түрде тиімді қызмет көрсетудің үлесін арттыру және ақпараттандыру мақсатында «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметті көрсету қағидасы негізінде ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметі осы саладағы басты бағыттардың бірі.
Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге кеңесі немесе портал арқылы төмендегі құжаттарды жолдайды.
Көрсетілген қызметті берушіге жүгінген жағдайда:
– Осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға арналған өтініш;
– Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
Порталға жүгінген жағдайда:
– Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға арналған электрондық нысандағы өтініш;
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын қажетті құжаттар мен мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы қағидаларға және 2-қосымшаға сәйкес «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасында баяндалған.

Р.Жүнісова,
Көкдөнен ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

Поделиться ссылкой: