Теміржол туралы қызықты мәліметтер

2 486 Views

Тамыз айының бірінші жексенбісі – теміржолшылар күні. «Сіз білесіз бе?» айдарының кезекті топтамасын осы бір теміржолды серік еткен, нағыз ащы тер мен табан еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген жандарға арнамақшымыз. Тоғыз жолдың торабын тоғыстыратын теміржолдың бізге әлі беймәлім тұстары көп екенін бүгінгі топтаманы дайындап жатқанда байқадық.

Ең алғашқы темір жол Мәскеу мен Санкт-Петербург сияқты қалаларды жалғаған. Ол алғашқы үш күнде жо­лаушыларды тегін тасыған. Себебі бас кезінде пойызға адамдар қызығушылық таныт­паған.
Ең ұзын темір жол 9300 шақырымға созылған. Ол – Транссібір магистралі.
Ең қызықтысы – доңға­лақ­тарды тексеретін жол қарау­шылардың музыкалық қабілеті керемет болады екен. Өйткені олар ақауды сол арқылы анықтайды.
Ертеректе тек «Париж-Венеция» бағытында қаты­найтын маршрут болған. Оны «махаббат пойызы» деп атаған. Бұл пойыздың өзгелерден айырмашылығы жолаушылар вагонындағы әр жеке бөлмеге ерекше қызмет көрсеткен. Сонымен қатар жолаушыларға арнайы теледидир мен душқа түсетін кабина да тұрған. Ал ең бастысы купеде екі адамға арналған керуерт болған.
Қазақстандағы теміржол жүйесінің алғашқы құрылысы 1893 жылы басталған еді. Бұл ұзындығы 369 шақырымдық Покровская Слобода – Орал тар табанды жүйесі болатын. Оның 13 шақырымы Қазақстан территориясымен өтетін.
Теміржол арқылы қатынау көлікпен жүруге қарағанда 45 есе қауіпсіз. Пойызда апатқа ұшырау қаупі көлікпен салыстырғанда едәуір төмен.
Қазіргі таңда рельстермен емес, магнитпен жүретін пойыздар бар. Дәл осындай таңғажайып техниканы жапондар ойлап тапты және бұл пойыздың жылдамдығы сағатына 517 шақырымға жетеді.
«Түркістан-Сібір» магистральдық теміржолы Орталық Азияны, Қазақстанды және Сібірді байланыстыра­ды. Луговая бекеті мен Семей қаласына дейін мың төрт жүз қырық бес шақырымға созылды.
Түрксібте 1928 жылы – 21 мың, 1929 жылы – 40 мың, 1930 жылы – 50 мың адам жұмыс істеді, көпшілігі жергілікті тұрғындар болды.

А.Қамшыбек

Поделиться ссылкой: