АУДАНДА ВАКЦИНА АЛҒАНДАР САНЫ АРТТЫ
Індет қаупі сейілмеген қазіргі кезде эпидемиялық ахуалдан өзекті мәселе жоқ деуге болады. Бүгінде коронавирусқа тойтарыс берудің жалғыз жолы вакциналау екенін халықтың басым бөлігі ұғына бастады. Бұл ретте елімізде 2 ақпанда басталған Covid-19-ға қарсы екпе егу науқаны Т.Рысқұлов ауданында қарқынды жалғасуда. Аудан бойынша 6 айда вакцина алғандар саны 18320 жетсе, соңғы екі аптада 3 мыңға жуық адам ерікті түрде екпе салдырған.
Осылайша ауданда жыл басынан коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны күннен-күнге артып келеді. Мәселен, вакцинация өткізу үшін аудан бойынша 6 екпе жасау бригадалары жасақталған. Жылжымалы екпе бригадаларының күшімен Тереңөзек, Ақыртөбе, Қонаев, Құмарық, Қорағаты, Қызылшаруа, Луговой, Қаарақыстақ, Әскери қалашық және басқа да елді мекендерінде салынды.
Қазір ауданда 4 егу пункті жасақталып, жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта оның санын көбейту жоспарда бар. Екпе алу қарқыны аудандық Орталық ауруханада да байқалады. Сондай-ақ ауданда ұжым болып екпе жасатқандар көбейген. Мектеп, аурухана, балабақша, кітапхана, коммуналдық қызмет жұмысшылары халықты вакцина алуға шақырып, бейнеүндеу жолдауда.
Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Екпе жұмыстарын жүргізуге 28 медицина қызметкері жұмылдырылған. Барлық медицина қызметкерлеріне арнайы оқыту семинары жүргізілген.
Ауданға 2021 жылдың 2 тамызына дейін барлығы 20 730 доза вакцина жеткізілді, оның ішінде: ресейлік «Sputnik V» 18 350 доза; «QazVac» – 380 доза; «HayatVax» – 1500 доза, CoronaVac – 500.
Вакциналау – вирустың таралуын азайтудың және туыстарымен, әріптестерімен, достарымен қауіпсіз қарым-қатынасқа оралудың жалғыз жолы. Сонымен қатар ұжымдық иммунитет қалыптасқанға дейін маска тағу, қашықтықты сақтау, антисептиктерді қолдану сияқты алдын алу шараларын сақтауды жалғастыру қажет.
Мөлдір ТАСТАНБЕК.