Жақсылық жаса, сыйла адамды тік тұрып…

379 Views

Қайбір жылы «Желіде жұлдыз атанған Жасұлан» деген тақырыппен газет бетіне мақала жазған едік. Белгілі журналист Нартай Аралбайұлының есімін атап, сюжет жасаған видео-роликтері әжептеуір «хит» болды сол кездері Жәкеңнің. Жасұлан Кенжебай әскери қызметші болып жұмыс істейді негізінде. Ол – аға сержант. Шешендік өнер оның болмысында бар қасиет. Әйтпесе, әскери салада қызмет етіп жүргендердің дені сөзге шорқақ болып келетіні жасырын емес қой. Осы жолы Жасұлан Кенжебай туралы тағы да шағын мақала жазып отырмыз. Бұл жолы «жұздыз» Жасұланды емес, сүйікті жарының қымбаттысы, ұл-қыздарының сүйікті әкесі, яғни көп балалы отбасының тірегі ретінде жазбақпыз.
Республикалық «Мектепке жол» акциясын өздеріңіз жақсы білесіздер. Аталмыш акция аясында аға сержант Жасұлан Кенжебайдың тұлымынан жетілдіріп өсіріп келе жатқан қырмызыдай құлпырған Мерей есімді қызына 03811 әскери бөлімінің командирі, майор Кабиев Алмаз Серікұлының атынан арнайы сөмкеге салынған мектепке қажетті заттар табыс етілді. Бұл сыйлықты Қарақат ауылында тұратын Жәкеңнің отбасына 03811 әскери бөлімінің әскери қызметшілерінің отбасымен жұмыс жөніндегі қызметкерлері Айгерім Кабиева, Айгүл Сулейманова және Нұргүл Сарипбек табыстады. Келген қонақтардың риясыз пейілі мен жасаған жақсылықтарына Жасұлан Кенжебай көп балалы әке ретінде жеке алғысын білдіріп, 03811 әскери бөлімінің командирі, майор Кабиев Алмаз Серікұлына шексіз ризашылығын айтты. Айта кетейік, дәл осындай арнайы сөмкеге салынған мектеп оқушыларына қажетті заттар 6 отбасының балаларына табыс етілді.

Марат Диханбай.

Поделиться ссылкой: