Көкжөтел дегеніміз не?
49 ViewsЖоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығының зақымдалуымен және ауыр жөтелдің пайда болуымен сипатталатын жедел инфекция көкжөтел деп аталады. Көкжөтел — жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығын…
Қазіргі таңда аудан орталығындағы «Жеңіс» саябағында құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр. Саябақтың аумағы жаңа үлгіде жаңартылып, көркейту жұмыстары қолға алынды.
Жақында аудан әкімі Ерболат Садырқұлов аталмыш саябақтағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, зер салған еді.
Жаңа келбеттегі саябақта спортпен айналысатын алаң мен жаяу жүргіншілерге арналған жолақтар салынып, жарық шамдары орнатылып, жаңа кейіпке енбек. Саябақ аумағын абаттандыру жұмыстары да назардан тыс қалмай, жоспарға сәйкес ауқымды жұмыстар жүзеге асырылады деп күтілуде.
Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан ТОО «АЙСУ СТРОЙЭКСПЕРТ» мердігер компаниясы газон, стрит воркауд және су жүйелерін жасап жатыр.
Аудан әкімі Ерболат Салқынбекұлы да болашақта аудан орталығындағы бұл саябақ тұрғындар үшін қолайлы жағдай қалыптастыратынын атап өтті.
Мөлдір ТАСТАНБЕК.