ҰЛТТЫҚ САНАҚ: Бәріміз үшін маңызды

515 Views

2021 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталғаны белгілі. Бұл халық санағы Тәуелсіздік алған сәттен бастап елімізде үшінші рет өтуде.
Жуырда аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен халық санағын ақпараттық қолдау мақсатында үлкен іс-шара ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ, бөлім қызметкерлері мен ауданның ерікті жастары аудан тұрғындарын хабардар ету үшін халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарда 400-ге жуық арнайы парақшалар таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аталмыш бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Поделиться ссылкой: