Қарт ананы құттықтады
27 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Жаңалық тыңдап, газет оқитын есті жұрт қыркүйек айының 1-і мен 16-шы жұлдызы аралығында Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласында джи-джитсудан Азия чемпионатының өткендігінен хабардар болар деп ойлаймыз. Онымен қоса, Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында ұлттық ойынымыз көкпардан ел чемпионаты болғаны белгілі. Осы айтулы додаларда қос бірдей жерлесіміздің мерейлері үстем болды. Атап айтсақ, алғашқы тілге тиек еткен спорт түрінен, яғни джи-джитсудан Нұрсұлтан Дүйсенқұлов тұғырдың ең биік сатысынан қол бұлғап, жүлделі I орынды жеңіп алды. Жетістік қой. Әлбетте, зор жетістік. Бұл дегеніңіз – еселі еңбек пен үздіксіз дайындықта төккен тердің жемісі деп топшылағанымыз дұрыс болатын шығар.Ал, екіншісі көкпар дедік қой. Өзіміздің ұлттық ойын. Былайша айтқанда, «Көкпарды қазақ тартпағанда кім тартады?!». Содан соң, көкпар десе, бірден атақты «Әулиеата» командасы еске түседі. Бұл командадан барлық қарсылас именеді. Бізді қуантқаны, осы атақты команданың құрамында жерлесіміз де өнер көрсетеді. Оның есімі – Есім Әтібеков. Ол да өзінің командасымен бірге көкпардан жуырда өткен ел біріншілігінде «Қазақстан чемпионы» деген атаққа ие болды. Екеуі де Ақыртөбе ауылынан түлеп шыққан «сен тұр, мен атайын» дейтін спортшылар.
Чемпиондар жақында туған жерге келіп, ауылдастарымен кездесті. Оларды аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерлік Шабеев, № 24 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ұлан Омарбеков және № 25 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары Нұркен Қырбасов салтанатты жағдайда қарсы алып, арнайы дипломмен марапаттады. Өз кезегінде спортшылар да спорттың қыр-қырын жақсы білетін жанашыр жандарға алғыс білдіріп, өздерінің басты мақсаттары да туған жердің абыройын әрқашан биікте асқақтату екенін айтты.
Атақты балуанның есімі ұлықталған жарыс
Өткен сенбіде спорт кешені ғимаратында волейболдан 2005-2007 жылы туылған жасөспірім ұлдар арасында аудандық жарыс өтті. Айта кетейік, бұл жарыс қарға тамырлы қазақ халқының бойындағы бұла күшін бүкіл әлемге танытқан атақты балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдық мерейтойына арналды.
Аталмыш жарысқа ауылдық округтерден 7 команда қатысты. Адалын айтуымыз керек, қазіргі күні ауданымызда волейбол спортына қызығушылық танытып, онымен айналысатын жас өрендеріміздің қатары көп. Осы жарыста бұған анық көзіміз жетті.
Қош. Сонымен Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдық мерейтойына арналып өткізілген жарыс та өз мәресіне жетті. Жүлделі III орынды №3 шағын орталықты орта мектебінің оқушылары иеленсе, жүлделі II орынға Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектептің оқушылары ие болды. Ал, жүлделі I орынды Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептің оқушылары жеңіп алды. Жеңімпаз бен жүлдегерлерге аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы дипломы мен медалі, сондай-ақ, кубогы табыс етілді.
Топтаманы дайындаған Марат Диханбай.