Жеңіс туы желбіресін!
98 ViewsЖуырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында «Жеңіс туы желбіресін!» байқауының гала-концерті өтті. Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық…
Жыл басында аудан әкімі Ерболат Садырқұлов пен Көгершін ауылдық округінің әкімі Ержан Айдарханның халық алдында бірлесіп өткізген есепті жиналысында көгершіндіктер ауылға жаңа 90 орындық мәдениет клубы салынатындығын естігенде, қуана қол шапалақтаған болатын. Оны өз көзімізбен көрдік. Халық қос әкімнің сөзіне иланып, сенген соң қол соққан болуы керек. Алайда, сол сенімге «дақ» түсіп бара жатқандай көрінеді бізге. Өйткені, қазір Көгершінге мәдениет клубы тұрмақ, «сол салынады деген сөздің сықпыты» естілмейді. Жыл болса, түгесіліп барады. «Уәде – Құдай сөзі» деуші еді біздің қазақ. Сонда аудан басшысының жиында айтқан сөзі құрғақ уәде болғаны ма, қалай өзі…