ЖАСТАР ЖОЛДАУДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

308 Views

Сәрсенбі күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында бәсірелі жиын өтті. Оған облыстық дін басқармасының басшысы Жангелді Омаров, аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Сәрсеханұлы бастаған ұжым мен белсенді жастар қатысты.

Жиынның күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Оның бірі – Президент Жолдауын жан-жақты талқылау болса, екіншісі – дін төңірегіндегі мәселелерге арналды.
Жиында алғашқы болып сөз алған басқарма басшысы Жангелді Омаров Президент Жолдауында айтылған мәселелерге толығымен тоқталып, оларға қатысты ойымен бөлісті. Бизнес бастауға, білім саласындағы жаңалықтарға ерекше көңіл бөлген Жангелді Жайлауұлы жастарды аян­бай еңбек етуге шақырды. Ал екін­ші көтерілген мәселеде дін саласы бойынша сөз өрбіді. Атап айтар бол­сақ, діннің әлеуметтік желі арқылы насихатталуы сондай-ақ, «Жусан» опе­рациясы жайында кеңінен мағлұмат берілді.
Жиын барысында жастар да белсенділік танытты. Басқарма бас­шысына сан түрлі сұрақтар қойып, сауалдарына тұшымды жауап алды.
Кездесуді қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев «Біздің жастар қозғаушы күшке айна­лып, мемлекетті дамытуға ба­рынша үлес қосуы керек. Сондықтан да бүгінгі жастар белсенді болғаны абзал. Егер де қандай да бір тың бастамаларыңыз болса, біз оны қолдауға әрдайым дайынбыз» деп бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Жәнібек БАЗЫЛБЕК.

Поделиться ссылкой: