Құрылыс жұмыстарымен танысты

440 Views

Осы аптаның басында аудан әкімі Ерболат Садырқұлов жұмыс алгоритміне сәйкес, бірнеше құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты.
Биыл Луговой ауылында «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 13 көшеге жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған 13 көшенің бірі – Теміржолшы көшесі. Аудан басшысы Ерболат Салқынбекұлы жұмыс сапары барысында дәл осы Теміржолшы көшесіне арнайы барып, ондағы істелініп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты. Мердігерлермен тілдесіп, жұмыстың сапалы жүргізілуіне баса мән беру керектігін алға тартты.
Сонымен қатар, аудан басшысы Луговой ауылында іргесі қаланып жат­қан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің және Каменка ауылындағы мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарымен танысып, оның жүргізілу барысы тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: