Шетелдік сарапшылар Тараздағы халықаралық конференцияның ұйымдастырылуын жоғары бағалады

295 Views

Тараз қаласындағы халықаралық конференцияға қатысқан шетелдік сарапшылар аталған іс-шараның ұйымдастырылуын жоғары бағалап, Қазақстанның этносаралық қақтығыстардың алдын алу, реттеу және шешу мәселелеріндегі тәжірибесі ел аумағында ғана емес, одан тыс мемлекеттерде де бірегей және сұранысқа ие екенін атап өтті.
– Конференция тақырыбы мен тиімді формулаларды іздеу, этносаралық және ұлтаралық келісімге қол жеткізу – бұл тек Қазақстан үшін ғана емес, Ресей Федерациясы мен бірқатар елдер үшін де өте өткір және өзекті тақырып. Себебі, қазіргі этносаяси қақтығыстар, жалпы әртүрлі себептер мен негіздер бойынша туындайтын кез келген жанжалдарды этникалық саясаттандыру – өте нәзік мәселе, саяси және әлеуметтік тұрақтылық жағынан айрықша қауіпті және оларды шешу қиын. Осыған байланысты бұл бағыттағы ахуалды тиімді реттеу мен шешудің кез келген тәжірибесі бүгінде алтынның салмағынан да бағалы. Қазақстан осындай проблемаларды анықтау мен тұрақтандырудың және оны шешудің бірегей тәжірибесіне ие, – деп атап өтті М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры, саясаттану ғылымының докторы, Ресейдің ақпараттық операциялар жөніндегі мамандар қауымдастығының президенті Андрей Маноло.
Сарапшының айтуынша, Қазақ­стан­да ұлтаралық келісімге қол жеткізуде үлкен жұмыстар атқарылуда. Мәселен, Қазақстан халқы Ассамблеясы рөлін ерекше атап өткен жөн, ол әртүрлі этникалық құрамдастар арасындағы мүдделерді реттеуде, келісім мен консенсусқа қол жеткізуде өте тиімді құрал және тетік.
– Мен Қазақстанның этносаралық қақтығыстардың алдын алу және оларды болдырмау, реттеу мен шешу саласындағы тәжірибесі әлемнің көптеген елдерінде сұранысқа ие екендігіне сенімдімін. Атап айтқанда, Ресей Федерациясының өкілдері үшін бұл тәжірибе біздің жұмысымызда қолдану үшін өте пайдалы болады. Облыс әкімдігі тарапынан бұл маңызды іс-шараның өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және Қазақстанның үкіметі осы мәселелерге айрықша назар аударатынын атап өткім келеді. Бұл өте сауатты және ұқыпты мемлекеттік саясаттың дәлелі, – деді А.Маноло.
Халықаралық конференция тақырыбының өзектілігін украиналық саясаттанушы, «София» стратегиялық тобының ғылым жөніндегі директоры, әлеуметтану ғылымының кандидаты, профессор Виктор Щербина да – Ғылыми проблемалардың бірі – ХХ ғасырда болған этногенездегі өзгерістерді сипаттау. Сол кезде біздің халықтарымыз бастан кешкен оқиғаларды біз толық түсінеміз және ұлтаралық қарым-қатынас процесіне кірмейміз. Қазақстан халқы Ассамблеясы мұндай жұмысты ғылыми негізде жүргізгені өте маңызды. Сонымен қатар, ұйымдастырушылық сәттердің өзі мұндай қарым-қатынастың ғылыми негізін құруы керек. Ассамблеяның рөлі басқа посткеңестік мемлекеттер үшін үлгі екенін де атап айту керек. Осы іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын да мойындауға тиіспіз. Қазақстан мен Жамбыл облысының басшылығына этносаралық қарым-қатынас сияқты маңызды тақырыпқа назар аударғаны үшін алғысымды білдіргім келеді, – деді В.Щербина.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: