23 маусым – Қазақстан полициясы күні
50 ViewsАудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы, полиция капитаны Гүлжан Ниязқұлова біздің газетке мақалалар жазып тұрады. Әрдайым еселі еңбек етіп, халыққа қалтқысыз…
Отбасы — бірлесіп күн көретін, бір-біріне деген мейірім арқылы шапағатын төгетін, ұдайы туыстық қатынаста өмір сүретін адамдар тобын айтамыз. Сондай-ақ, бұл санатқа балалар тәрбиесін бірге жүзеге асыратын, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді қажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік байланысты да жатқызуға болады. Дейтұрғанмен, соңғы жылдары отбасындағы берекені бұзатындар жиі кездеседі. Соның салдарынан ауданда отбасы төңірегіндегі қылмыстар екі есеге өсіп отыр.
Мәселен, былтыр ауданда аталмыш қылмысқа қатысты 40 іс қозғалса, ағымдағы жылдың он айының өзінде 84 әкімшілік іс қозғалып, соттың қарауына жолданған. Оның 69-ы татуласса, 8 іс бойынша кінәлілер қамаққа алынған. Ал қалған екеуіне 58 300 теңге көлемінде айыппұл салынған.
Ж.СӘДУАҚАС.