Министрден марапат алды

382 Views

Жуырда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы саяси бастамаларын насихаттауға және Тәуелсіз Қазақстанды дамыту идеяларын жинақтауға ықпал ететін оқушылардың ғылыми зерттеулерін қолдауға бағытталған байрақты бәсеке ұйымдастырылған болатын. Айта кетейік, аталмыш дүбірлі додаға республика бойынша 570 оқушы қатысып, онда аудан намысын Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Ырыскүл Айбазар қорғаған болатын. Асығы алшысынан түсіп, байқауда үздік өнер көрсеткен Ырыскүл нәтижесінде ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Марапаттау рәсімінде Ырыскүл мен оның жетекшісі Г.Танысхожаеваны Қазақстан Рес­пуб­лика­сының Ғылым және білім министрі Асхат Аймаған­бетовтың өзі марапаттады.    

Жәнібек Сұлтан.

Поделиться ссылкой: