ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ
130 Views ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай онымен күресу – жел диірменмен алысу», –…
Тұрар Рысқұлов аудандық сотымен қарыз өндіру туралы дау медиация арқылы шешілді.
Талап қоюшы «Қазақстан Халық жинақ банкі» жауапкер Н.-дан 709422 теңге қарыз сомасын өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінді. АО-мен шарт жасаған жауапкер К. 2020 жылдың 10 сәуірінде қайтыс болған. Марқұмның мұрагері жұбайы Н. күйеуі қайтыс болғаннан кейін мұраны қабылдаған.
Талап арыз сот өндірісіне қабылданғанға дейін судья медиатордың қатысуымен сот талқылауы үшін көзделген мерзімде тараптар сотқа дейінгі хаттаманы ұсына отырып, медиациялық келісімге келді.
Медиациялық келісімнің шарттары бойынша жауапкер Н. талап қоюшы «Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ-ның пайдасына 709422 теңгені 2022 жылдың маусым айынан бастап 2025 жылдың мамыр айына дейін ай сайын 19 706 теңгеден бекітілген кестеге сәйкес төлеуге міндеттелді.
«Құлан таңы» ақпарат.