ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ
59 Views ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай онымен күресу – жел диірменмен алысу», –…
Қазір көп адам қайыр мен берекенің көбі туыстық қатынаста жатқанын ұмытып жатқандай көрінеді. Негізінде, туыстық қатынастың астарында көп сыр жатыр.
Ісіміздің оңалуы, қызметімізді берекелі болуы, жүрегіміздің бай болуы, бәрі де, осы туыстықты сақтаумен байланысты. «Туыстық қатынас» дегенді шариғат тілінде «рахм» деп атайды. Ана құрсағы да араб тілінде «рахм» деп аталады.
Енді бұл туралы Алла Тағала былай дейді: «Мен Алламын! Мен Рахманмын! Мен туыстық қатынасты жараттым. Оны өз көркем есімімімен атадым (Рахым деп). Сол туыстық қатынасты кім мықтап байласа, оған рақымым да байланады. Ал кімде-кім оны үзсе, одан менің рақымым да үзіледі».
Байқадыңыз ба, бұл мәселенің қайда барып тіреліп тұрғанын? Туыстық байланыс Алланың шексіз рақымына тікелей байланып тұр.
Олай болса, өмірінен береке күткен адам тез арада туыстарын түгендеп, тығыз байланысқа көшкені абзал!
Асылбек Әуезханұлы.