Музыканың әлемі – Төлебаев мектебі!
111 ViewsӨткен сенбіде Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің ұжымы өздерінің 50 жылдық мерейтойларын атап өтті. «Шығармашылық пен еңбектің жарты ғасыры» деген тақырыпта өткен Мэлс…
Жамбыл облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар
ӨМІРБАЯНЫ
Орманбеков Бекетай Байділдаұлы 1959 жылдың 4 сәуірінде Жамбыл облысы, Луговой ауданы, (қазіргі Тұрар Рысқұлов ауданы) Абай атындағы ұжымшарда шаруа отбасында дүниеге келген. 1966-1976 жылдар аралығында Луговой (қазіргі Құлан) ауылындағы Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебін бітіріп, еңбек жолын 1976-1977 жылдар аралығында Луговой ауданына қарасты «ПМК-2005» мекемесінде құрылысшы болып бастаған. 1977-1980 жылдары Алматы қаласындағы Ішкі істер министрлігіне қарасты Өрт қауіпсіздігі техникалық-инженерлік училищесін оқып бітірген.
1980 жылы Мәскеу қаласында өткен ХХІІ жазғы Олимпиада ойындарында қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысып, Кеңес одағының ішкі істер министрі Н.Щелоковтың жарлығымен арнайы медаль және министрліктің грамотасымен марапатталған. 1980-1990 жылдары Жамбыл облысының Луговой және Мойынқұм аудандарының аудандық ішкі істер бөлімдерінде және Жаңатас қаласындағы «СВПЧ – 141» мекемелерінде басшылық қызметтерде жұмыс істеген. 1984-1989 жылдары Кеңес одағы ішкі істер министрлігінің Ташкент қаласындағы жоғары инженерлік өрт-техникалық мектебінің «Өртке қарсы техника және қауіпсіздігі» мамандығын сырттай аяқтап, жоғары білім алған. 1990-1996 жылдар аралығында Луговой аудандық ішкі істер бөлімінде учаскелік инспектор қызметін атқарған. 1996-1998 жылдары аға учаскелік инспектор болып еңбек еткен.
1998 жылдың тамыз айы мен 1999 жылдың 22 желтоқсаны аралығында Луговой аудандық ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарып, зейнетке шықты. 2007-2010 жылдар аралығында Оңтүстік өңірдегі Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары бойынша көліктік бақылау инспекциясының бас маманы қызметін атқарған.
2010 жылдан бүгінгі күнге дейін мал шаруашылығымен айналысатын «Әділет-Б» шаруа қожалығының жетекшісі. Ауыл шаруашылығы саласында өнімді еңбек етіп, жауапкершілік, ерекше еңбексүйгіштік және өмірден алған мол тәжірибесі арқасында ауданның қоғамдық және әлеуметтік маңызы бар салаларына өзінің бей-жай қарамайтындығын дәлелдеген азамат.
Отбасылы. 13 бала өсіріп, тәрбиелеп отыр.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті жерлестер! Мен сайлауға «Қазақстан Халық партиясы» атынан өзін-өзі ұсыну тәртібімен түсіп жатырмын. Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттығына үміткер болып тіркелгендегі басты мақсатым – облыс тұрғындарының лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету және аймақтың экономикалық әлеуетін жақсарту. Мені қолдап, дауыс беріңіздер. Егер де Жамбыл облыстық мәслихатына депутат болып жатсам, мынадай мәселелердің шешу жолында төмендегі басымдықтарды назарға алатын боламын.
1. «Жер – халыққа!». Менің ойымша, ауылдық жерлердегі жер телімдері онда жұмыс істейтін адамдарға тиесілі болуы керек. Тұрғындарға ауыл аумағындағы мал жайылымдық жерлерді қарастыруға ықпал етемін;
2. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының қорларын пайдалану және өзара байланыстыру арқылы елді мекендерді ауқымды құрылыс алаңдарына айналдыру. Жеке инвестицияларды тарту үшін жағдай жасау, ауыл тұрғындары үшін «7 – 20 – 25» тұрғын үй бағдарламасының аналогын қалыптастырып, жүзеге асыру;
3. Қазақстанның әрбір азаматына ғасырлар бойы бабаларымыздың арман-мұратын жүзеге асыруға мүмкіндік беру. Ол дегеніміз, өз балалары мен немерелеріне мұраға қалдыруға болатын жер телімін өмір бойы пайдалануға алу;
4. Тегін медицина және тегін білім. «Қазақстан Халық партиясының» бағдарламасына сәйкес, балабақшалардан бастап халыққа тегін медициналық қызмет көрсетуді және тегін білім беруді қолдау;
5. Көпбалалы аналар мәртебесі. Әйелдердің зейнетке шығу жасын – 58, ал 4 және одан көп баланы тәрбиелеп отырған аналарды 55 жасқа дейін зейнетке шығуына ықпал ету.
6. Қандастарымыздың көптеп елге оралуына ықпал жасап, олардың әлеуметтік жағдайының түзелуіне өз септігімді тигіземін.
Тізе берсек проблема жеткілікті. «Әділетті Қазақстан» қалай құрылады? Ол мына мен секілді айтқан сөзін екі етпейтін, халық қамын ойлаған азаматтардың ілкімді ісі мен жасаған жұмысы арқылы құрылады. Жерлестерім мені қолдайды деп сенемін.
Мен депутаттыққа халқымның қамы үшін түсіп жатырмын. Еліміздегі қазба байлықтары белгілі бір олигополиялық топтың қалтасына емес, халықтың еншісіне бұйыру керек. Сонда ғана әділеттілік орнайды. Халықтың табысы артып, жағдайы жақсара түседі. Біз сыбайлас жемқорлықпен бірге күресеміз. Жемқорлықты жойып, біртұтас «Әділетті Қазақстан» орнату – сіз бен біздің қолымызда. Таңдауыңыздан жаңылмаңыз. Дауысыңызды адал азаматқа беріңіз.
Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында Жамбыл облыстық мәслихатына депутат болып сайланған жағдайда халық қалаулысы ретінде осы басымдықтар менің негізгі және алғашқы кезектегі міндеттерім болып саналады.
Жауапкершілік жүгінің ауыртпалығын сезіне отырып, Сіздердің үміттеріңізді ақтау мақсатында өмірден алған бар тәжірибем мен білімімді толық түрде пайдалануға талпынамын.
Елім үшін ерінбей еңбек етуге, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға, тұрғындардың табысын арттырып, әлеуметтік жағдайын жақсартуға бар күш-жігерімді пайдаланатын боламын.
ЕЛ ҮШІН! ЖЕР ҮШІН! БИЛІК – ХАЛЫҚҚА!
Республикалық бюджеттен сайлауға бөлінген қаражат есебінен төленді.