Ата-аналар мектеп ауласына ағаштар екті
30 ViewsӨткен сәрсенбіде №6 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Бір отбасы – бір тал» деген тақырыпта іс-шара өтті. Бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Бақкелді…
Теміржол – қауіпті аймақ. Адамдар осыны ескерсе екен дейміз. Теміржол өткелінде түрлі жағдайлар орын алып жатқанын өздеріңізде білесіздер. Біз газет бетінде көптеген мақалалар жариялап тұрамыз. Алайда, оны ескеріп жатқан тұрғындар жоқ. Пойыздың жылқы немесе сиырды жаншып кеткен жағдайларын біз жиі көреміз. Ардақты ағайын, «сақтықта қорлық жоқ». Біздің міндет – ескерту. Біз үшін басты құндылық – адам өмірі. Теміржолдан өтудің де өз ережесі бар. Тиісті белгілер де қойылған. Адамдар сол тиісті жерден өтпей, оңды-солды өте беретіні жасырын емес. Әсіресе, балаларды белгіленген жерден өткізгеніміз абзал. Әрбір тұрғын теміржолдың қауіпті аймақ екенін ескеріп, мамандардың пікіріне құлақ асса нұр үстіне нұр болар еді.
Ербол Байкулов,
Жамбыл жол дистанциясы Малдыбай станциясының №2 өндірістік учаскесінің бастығы.