Музыканың әлемі – Төлебаев мектебі!
114 ViewsӨткен сенбіде Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің ұжымы өздерінің 50 жылдық мерейтойларын атап өтті. «Шығармашылық пен еңбектің жарты ғасыры» деген тақырыпта өткен Мэлс…
Қымбатты жерлестер!
Баршаңызды жер бетіндегі барлық мұсылман қауымы үшін ұлық мереке – Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Айлардың төресі, күллі мұсылман баласы үшін қасиетті Рамазан айының аяқталатын күнге де жеттік.
Ораза айт – кең пейілділік пен жомарттықтың, бауырмалдық пен қайырымдылықтың мерекесі.
Халқымызда «Дін тірегі – имандылық» десе, имандылық әр адамды тек жақсы қасиеттерге тәрбиелейді. Әділет пен парасат жолымен ғана жүруге үндейді. Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері діліміз, тіліміз, дініміз қайта оралып, еліміз күн санап өркендеу жолында келеді.
Әрбір шаңыраққа баянды бақыт, қуаныш әкелетін әлем мұсылмандарының мерейлі мерекесі Ораза айтпен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, елімізге береке-бірлік тілейміз!
Ораза айт мерекесінде жасаған барлық ниет-тілектеріңіз қабыл болсын!
Аудан әкімі Е.Есіркепов.
Аудандық мәслихат төрағасы Е.Әбутәліпов.