Аудан әкімі тұрғындарды жеке қабылдады
Өткен жұмада аудан әкімі Ернар Есіркепов «AMANAT» партиясы аудандық филиалының ғимаратында тұрғындарды жеке қабылдады.
Қабылдау барысында аудан тұрғындары өздерін мазалаған түрлі әлеуметтік, инфрақұрылымдық және кәсіпкерлік салаға қатысты мәселелерді ортаға салды. Дәлірек айтқанда, тұрғындар денсаулық сақтау, сауда-саттықпен айналысуға рұқсат алу, Қаракемер ауылына бұрылатын жол тұсына арка орнатып, ауыл атауын жазу, ағын және ауыз су мәселелерін реттеу, жол салу, баспанаға қол жеткізу сынды мәселелерді көтерді. Айта кетерлігі, кездесуде кәсіп бастауға ниетті тұрғындардың бірі нан өнімдерін шығарғысы келетінін жеткізді. Өз кезегінде аудан басшысы Ернар Серікәліұлы оған мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға кеңес берді. Сондай-ақ, баспана алу мәселесін көтерген азаматтарға тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Құлан медиа» ақпарат.
