23 ViewsҚазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында…
Бірқатар инфрақұрылымдық нысандарды аралады
438 Views
Өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркепов Құландағы бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың жай-күйін зерделеді.
Оның ішінде Дулат баба кесенесінің аумағын абаттандыру бойынша тиісті тұлғаларға нақты тапсырмалар беріп, нысанды жөндеу жұмыстары туралы ұсыныстар талқылады. Сондай-ақ, аудан әкімінің жеке қабылдауында бір топ тұрғындар тарапынан көтерілген мәселеге орай, «Арай» тұрғын алқабындағы кезекте тұрған азаматтарға өткен жылы берілген пәтерлердің жағдайын зерделеп, аумақты абаттандыру мен жол салу мәселелері пысықтады.
Сонымен қатар жоба құны 559 млн. теңге құрайтын «Арай» алқабындағы су имаратының бүгінде құрылысы толық аяқталып, нысанды алдағы аптада ел игілігіне беру жоспарлануда. Аудан басшысының зерделеуі барысында нысанды іске қосуға қатысты дайындық шаралары да нақтыланды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

