АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ
0 ViewsАудан әкімі Ернар Есіркепов төрағалық еткен кезекті аппараттық кеңесте ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды мәселелер қаралды. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудандық жер қатынастары…
Жақында Аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен шекара қызметі бойынша кеңес өтті. Кеңеске Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аудандық бөлімінің бастығы Абзал Сатыпалдиев, Меркі аудандық шекара басқармасының бастығы Тимур Медетов, Жамбыл аудандық шекара басқармасының бастығы Бекислам Абуов, сондай-ақ, бірқатар аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты. Кеңес барысында аудан аумағындағы шекаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ішінде көршілес мемлекеттерге заңсыз мал тасымалының алдын алу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар шекаралық бақылау жүйесін күшейту, жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау құрылымдарының өзара іс-қимылын үйлестіру бағытында ұсыныстар айтылып, нақты міндеттер айшықталды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.