ЕРНАР ЕСІРКЕПОВ ҚАРАҚЫСТАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ тұрғындарымен кездесті

105 Views

Өткен аптада
Мемлекет басшысының
Жарлығына сәйкес, аудан
әкімі Ернар Есіркеповтің
тұрғындармен кезекті
кездесуі Қарақыстақ
ауылдық округінде өтті.

Кездесу барысында аудан басшысы
өткен жылы атқарылған жұмыстар мен
биылғы жылға жоспарланған жобалар
туралы баяндама жасады.

Атап айтқанда, 2024 жылы округті
дамытуға 101,4 млн. теңге бағытталып,
Қазақ ауылында мал өлекселерін
т а с т а й т ы н ш ұ ң қ ы р қ а з ы л д ы ,
бес көшеге түнгі жарық шамдары
орнатылды. Сондай-ақ, 660 метр жол
орташа жөндеуден өтті. Мәдениет
үйі газдандырылып, балалар ойын
алаңдары жаңғыртылды. Тасшолақ
ауылына заманауи спорт алаңы
орнатылды.

А ғ ы м д а ғ ы ж ы л ы К а м е н к а
ауылындағы балабақшаға күрделі
жөндеу жұмыстарын жүргізу, округтегі
екі көшеге түнгі жарық шамдарын
орнату және балалар ойын алаңдарын
жаңғырту жоспарланып отыр. Сонымен
қатар Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне
арналған ескерткішке ағымдағы жөндеу
жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында тұрғындар жаңа
мектептің құрылысы, жол жөндеу және
суармалы алқаптарға су жеткізу үшін
канал тарту мәселелерін көтерді. Әрбір
көтерілген мәселе бойынша тиісті
түсініктер беріліп, бірқатар қосымша
қаражат пен уақытты қажет ететін
мәселелер түпкілікті шешілгенге дейін
бақылауға алынды.

Жиын соңында аудан әкімі төрт
тұрғынды жеке қабылдап, әлеуметтік
сипаттағы өтініштер бойынша сала
басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Сонымен қатар кездесу барысында
аудан әкімі Ернар Есіркепов пен
аудандық мәслихат төрағасы Ербол
Әбутәліпов Жалпақсаз ауылының
т у м а с ы , I I I д ә р е ж е л і « Е ң б е кДаңқы» орденінің иегері Жетпісбай
Сейітбековке ҚР Ауыл шаруашылығы
министрлігінің «Еңбек ардагері»
медалі мен министрдің Алғыс хатын
табыстады.
АУДАН ӘКІМІНІҢ
БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

Поделиться ссылкой: