Өмірден ерте кеткен ер Ертай…
40 ViewsЖауын Ертай Ернарұлы. Бұл есімді менің білгеніме 2-3 жылдың жүзі болды. Ертайдың өмірі қысқа болды. Ол әрине ауырып сыздаған жоқ. Мектепте де үздік оқушылардың…
Осы тақырып Құмарық ауылдық округінің спорт нұсқаушысы болып еңбек ететін Баденов Сержан Төлешұлының адамгершілік қасиетіне де, атқарған еңбегіне де дәлме-дәл айтылып тұрғандай. Сержан Баденов регбидан әскерилер арасында Қазақстан чемпионы болған азамат. Ол 2022 жылы ҚР Спорт және туризм министрлігі ұйымдастырған «Ауыл алаңынан олимпиада тұғырына» атты байқауында ҚР «Үздік ауыл нұсқаушысы» номинациясын жеңіп алған. Бұл марапатты оған сол кезде министр болған Абаев Дәурен Әскербекұлының өзі табыс еткен болатын. Былтыр ауданның «Үздік спорт нұсқаушысы» және облыстың «Жыл үздігі» номинациясын да иеленді.
Облыстың «Жыл үздігі» номинациясы марапатын оған облыс әкімі Ербол Шырақпайұлының өзі табыс етті.
Аудан орталығында қандай да бір спорттық іс-шаралар өтсе, сол жерден Сержанды көреміз. Себебі Сержан да өз жұмысына шын ниетімен берілген азамат. Қандай да бір іс-шара ұйымдастырса, содан бір кемшін тұсты көрмейсіз. Өзінің ауылын әркез мақтан тұтатын және сол ауылының абыройы үшін ешқайда кетпей, еселі еңбек етіп келе жатқан Сержанды сол үшін де жазып отырмыз. Сержан секілді екі сөйлемейтін, айтқан уәдесіне берік, жұмысына да адал, ешкімнің ала жібін аттамайтын, өтірік айтпайтын, өз ауылының абыройы үшін барын салып, қызмет ететін жігіттер әр ауылда болса, онда болашағымыз жарқын болары сөзсіз.
Марат Диханбай.