Ата заң –азаттықтың айғағы

80 Views

Биыл ел өмірінің бағдаршамына айналған, мемлекеттілігіміздің егемендігін айғақтайтын Конституциямызға – 30 жыл толып отыр. Осыған орай өткен жұмада Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде мерекелік іс-шара өтті.

Шараға аудан әкімі Ернар Есіркепов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Аудан басшысы өз сөзінде Ата заңымыздың маңыздылығын айрықша атап өтіп, тәуелсіз Қазақстанның осынау жылдар аралығында бағындырған  айтулы жетістіктерін мысалға келтірді. Сондай-ақ, бірқатар азаматтар облыс әкімінің алғыс хатымен, аудан  әкімінің Құрмет грамотасы және алғыс хатымен марапатталды. Мерекелік іс-шарада аудандық мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліпов те құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар азаматтарға аудандық мәслихаттың алғыс хатын табыс етті. Шара соңы аудандық мәдениет үйі көркемөнерпаздары дайындаған мерекелік концертке ұласты.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: