Шалғайдағы ауылдың бүгінгі тыныс-тіршілігі

141 Views

Тереңөзек ауылдық округіне қарасты Шолаққайыңды ауылының тұрғындары мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатқан оң істердің нәтижелерін көру үстінде.

Атап айтқанда, мемлекеттік «Жол картасы» бағдарламасы аясында  Жамбыл облыстық денсаулық сақтау мемлекеттік мекемесі тарапынан қаржы бөлініп, Шолаққайыңды ауылының тұрғындарына заманауи жаңа дәрігерлік пункт ғимараты, сол сияқты таза ауыз су құбыры, жылдар бойы өзекті болған  табиғи газ мәселесі шешімін тауып, осы күні ауылдағы әр отбасы көгілдір отынның рахатын сезініп отыр.

7 шақырым аралықты қамтитын Тереңөзек – Көкарық – Шолаққайыңды бағытындағы автокөлік жолы қайта жөнделіп, көшелері жарықтандырылды. Интернет байланыс жүйесі де қолжетімді. Бөлімшеде  дәрігерлік пункт, мешіт, ауылдық клуб, бастауыш мектеп, кітапхана ауыл тұрғындарына тұрақты түрде қызмет етеді. Клуб қызметкерлері мереке күндері әр түрлі мәдени іс-шаралар, концерттік бағдарламалар жүргізіп отырады. «Мәндірбай ата» мешітінің имамы Байдуанов Нұрғали діни оқу орнын бітіріп ауыл тұрғындары мен жастарды имандылық жолына баулу үстінде. Ұлы Жеңістің 75 жылдығында  соғысқа қатысқан ардагерлер мен майдан даласында шейіт болған боздақтарға, тыл ардагерлеріне арнап «Ерлікке тағзым – ұрпаққа ұлағат»  деген ескерткіш орнатылып 109 адамның аты-жөндері мәрмәр тасқа жазылып бой көтерді.  Ашылу салтанатына алыс жақыннан келген марқұмдардың туыстары қатысып, ақ баталарын беріп ризашылықтарын білдірді.

Жекешелендіру науқаны басталған мезетте Шолаққайыңды ауылында 70 отбасы ауылдық округтің есебінде тіркелген болса, соның ішінде 12 тұлға жер иесі өздерінің жер үлестері  куәлігіндегі жайылым егістік жерлерін мемлекеттік акт бойынша рәсімдеп, шаруа қожалықтарын ашқан. Олар бұл күнде бағымдағы төрт түлік мал бастарын ұлғайтып атқарылған еңбектерінің игілігін көру үстінде. Орталықтан шалғай жатқан тау алқабындағы жасыл желекті ауылдың бүгінгі тыныс тіршілігі осындай.

  Бейбіт Байсариев,

Т.Рысқұлов ауданының

Құрметті ардагері.

Шолаққайыңды ауылы.

Поделиться ссылкой: