Ауылды дамыту  – ел игілігі болмақ

61 Views

2025 жылдың 8 қыркүйегінде ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасап, ел дамуының жаңа басымдықтарын айқындады. Бұл Жолдау – еліміздің болашағына бағытталған маңызды құжат екені даусыз. Жолдауда әлеуметтік қолдау, білім мен денсаулық салаларын дамыту, жастар саясаты, ауылдық жерлерді қолдау және экономиканы жаңғырту мәселелері кеңінен қамтылды. Президент Жолдауы халықтың шынайы сұранысына сүйеніп жасалғаны анық байқалды. Әсіресе зейнетақы жүйесін жетілдіру мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қолдау маңызды қадам болғаны анық.

Білім беру саласындағы реформалар – жас ұрпаққа сапалы білім мен болашаққа жол ашады. Денсаулық сақтау жүйесінің жаңаруы – әрбір азаматтың амандығына тікелей әсер етері сөзсіз. Жолдауда жастарға ерекше көңіл бөлінді. Бұл – ел ертеңіне сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Шағын және орта бизнесті дамыту – экономиканы нығайтып, жұмыс орындарын көбейтетіні бесенеден белгілі. Ауылдық аймақтарды дамыту мен инфрақұрылымды жаңарту – халықтың өмір сапасын арттыруға жол ашады деген ойдамын.

Динара АСЫЛХАНҚЫЗЫ,

аудандық «Құлан таңы» газетінің жауапты

шығарушысы.

Поделиться ссылкой: