Ауылдағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты
Сейсенбі күні аудан әкімі Ернар Есіркепов Ақыртөбе, Өрнек, Қайыңды және Құмарық ауылдық округтері әкімдерімен, мектеп директорлары және ардагерлер мен қауымдастық кеңестерінің төрағаларымен, сондай-ақ, учаскелік полиция қызметкерлерімен кездесті.
Жиынға аудандық мәслихат, Қоғамдық кеңес және ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысты. Кездесу барысында әр округтің өкілдері өздерінің жұмыс барысы жөнінде есеп берді. Жиынның негізгі мақсаты – ауылдардағы ахуалды білу, атқарылып жатқан жұмыстармен танысу болды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын күшейту мәселесі талқыланды.
Жиын соңында аудан әкімі көтерілген мәселелерді мұқият тыңдап, ауыл әкімдері мен жиынға қатысушыларға нақты тапсырмалар берді. Сонымен бірге ауылдық округтердің жағдайын жақсарту – баршаға ортақ жауапкершілік екенін атап өтті.
«Құлан медиа» ақпарат.
