Еңбексіз өмір жоқ, Ауырсыз жеңіл жоқ
28 ViewsЕл Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағаны белгілі. Сондай-ақ, елімізде жыл сайын қыркүйек айының соңғы жексенбісінде Еңбек күні аталып…
Біл әлімсақтан бері «бір Құдай» деген, Мұхаммед пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жақсы көрген, әулиені қадірлеп, құрмет еткен халықпыз. Алланың ықыласты құлдары әулиелерге тіл тигізу ауыр іс екенін жадыда сақтаған елміз. Құдайға, пайғамбарға, әулиеге тіл тигізу мұсылманның ісі емес.
Шариғатымыз адамның сөзі мен ісінің жақсы болғанын қалайды. Тіл – Алланың адам баласына берген ең үлкен сыйы. Дініміз жақсы сөз сөйлеуге бұйырады. Алла Тағала Құранда: «Уа, иман келтіргендер! Алладан қорқыңдар да, дұрыс сөз сөйлеңдер» – деп әмір етеді («Ахзаб» сүресі, 70-аят). Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Қиямет күні кісінің таразыға ауыр басатын нәрсесі – көркем әдебі. Сөзсіз Алла Тағала боқауыз, былапыт сөз айтушы кісіге ашуы келеді» – дейді. Тағы бір хадисте: «Кімде-кім Алла Тағалаға және ақырет күніне иман келтірсе, жақсы сөз сөйлесін немесе үндемесін», – деп насихат еткен.
Хазіреті Әли (Алла оған разы болсын): «Жүрегі таза адамның тілінен әдемі сөз шығады» – деп айтқан. Адам ауыздан шығатын әрбір сөзге сақтықпен қарап, абайлап сөйлеуі керек. Аузым бар екен деп Құдайға, пайғамбарға, әулиеге тіл тигізіп, күнәға батпауы қажет. Жақсы сөздің сауабы болғанындай, айтылған жаман сөздің де күнәсі жазылады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адам Алла разы болатын бір сөзді, әншейін айта салады да, сол себепті Алла оның дәрежесін көтереді. Ал басқа бір адам Алла разы болмаған (кәріне ұшырататын) бір сөзді айта салады да, сол себепті Алла оны жәһаннамның түбіне лақтырады», – дейді.
Халқымызда «Жақсы сөз жарым ырыс», «Жақсы сөз – жан азығы», «Басқа бәле – тілден» – деген сөздер бар. Сондықтан бабаларымыз ұрпақты мұндай күнәлі істерден тыйып, күпірлік әрекеттерге кетуден абай болуға шақырған.
Мейіржан Рахымбаев,
аудандық «Сұлтан» мешітінің
наиб имамы.