ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ
248 Views ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай онымен күресу – жел диірменмен алысу», –…
Сот қос азаматтық үшін айыппұл тағайындады
Аудандық сотта Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігі (ҚР азаматтық туралы заңнамасын бұзу) бойынша К.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.
2025 жылдың сәуір айында аудан полициясының қызметкерлері К.-ның Ресей Федерациясының азаматтығын және төлқұжатын алғанын анықтады. Алайда ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісі туралы тиісті органдарға хабарламаған.
Сот отырысында азамат К өз кінәсін мойындап, РФ азаматтығын қабылдау кезінде оған Қазақстан Республикасының төлқұжатын және жеке куәлігін тапсыру қажеттілігі туралы хабарланбағанын түсіндірді.
ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігінің санкциясы 100 АЕК мөлшерінде айыппұлды не ҚР шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуді көздейді.
Сот қаулысымен Ресей азаматы К ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 393 200 теңге айыппұл салынды.
Қаулы заңды күшіне енді.
«Құлан таңы» ақпарат.