Мамай мен Сөгетіге таза ауыз су келді
54 ViewsӨткен жұмада Қайыңды ауылдық округіне қарасты Сөгеті және Мамай ауылдарының тұрғындары үшін тарихи күн болды. Олай деуге толықтай негіз бар. Себебі талай жылдан бері…
Қойнауы қазынаға толы бұрынғы Қапшағай қаласы Дінмұхамед Қонаевтың есімімен атала бастағаннан бері адам танымастай өзгеріп келеді. Бүгінде бұл қалада инфрақұрылым дамып, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптасуда.
Аудан әкімі Ернар Есіркепов Алматы облысына жасаған жұмыс сапары аясында Қонаев қаласына арнайы аялдап, ондағы саябақтар, скверлер мен шағын аулалардың көріктендірілуі және абаттандырылу жұмыстарына ерекше назар аударды. Сапардың басты мақсаты – абаттандыру және көріктендіру саласында тәжірибе алмасу болатын.
Қаланың бүгінгі тыныс-тіршілігімен Қонаев қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Мадияр Закеров таныстырды.
Аудан басшысы үш бірдей демалыс орнын аралап, балаларға арналған қолайлы жағдайлармен де танысты.
Әсіресе аудан әкімі көп қаржы талап етпейтін, қарапайым қолда бар материалдармен жүзеге асырылатын жобаларды аудан аумағында іске асыру қажеттігін атап өтті. Солардың қатарында сәні мен мәні үйлескен аркалар, балалардың қимыл-қозғалысы мен шығармашылық қабілетінің дамуына ықпал ететін ойын алаңдарын көбейту мәселесі бар. Осы бағытта нақты жұмыстар атқарылуы тиіс екенін жеткізген аудан әкімі жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар жүктеді.
Жәнібек СҰЛТАН.