Мамай мен Сөгетіге таза ауыз су келді
54 ViewsӨткен жұмада Қайыңды ауылдық округіне қарасты Сөгеті және Мамай ауылдарының тұрғындары үшін тарихи күн болды. Олай деуге толықтай негіз бар. Себебі талай жылдан бері…
«Тұрар Рысқұлов ауданының ауылшаруашылығы және салалас ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі 2023 жылы құрылды. Осы сәттен бастап, Мұрат Жайлыбаев төрағалық ететін бұл қоғамдық бірлестік адал жұмыс істеп, көпшіліктің алғысына кенеліп отырған іскер еңбек адамдарына әркез қолдау көрсетіп келеді.
Жеке кәсіпкер Гүлзат Ишанованың есімін аудан жұртшылығы жақсы біледі. Ол бұрындары аудан орталығындағы орталық сауда орны болған ғимаратты өз меншігіне алып, «Ақ босаға» деп аталатын келісті сауда үйін салды. Мұрат Жайлыбаевтың сөзінше, жуырда тұтынушылар арасында сауалнама жүргізілген екен. Осы сауалнаманың қорытындысы бойынша жеке кәсіпкер Гүлзат Ишанова басшылық ететін «Ақ босаға» сауда үйі «Үлгілі сауда орталығы» атаныпты. Жақында аудан әкімдігі өнеркәсіп және кәсіпкерлік бөлімінің қолдауымен «Тұрар Рысқұлов ауданының ауылшаруашылығы және салалас ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Үлгі сауда орталығы» деген сертификат жеке кәсіпкер Гүлзат Ишановаға табысталды. Бұл сертификатты аудан әкімдігі өнеркәсіп және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Сақтасын Тастанов пен «Тұрар Рысқұлов ауданының ауылшаруашылығы және салалас ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Жайлыбаев табыс етті.
«Құлан таңы» ақпарат.