Құлаққағыс

16 Views

Құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейту үшін 2025 жылдың 1-ші қыркүйегі мен 1-ші желтоқсан аралығында облыс аумағында республикалық «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік учаскелерде өздерінің визит карточкаларын бере отырып, пәтерлер мен аулаларды аралайды. Тұрғын үйлердің кіреберістерінде, дүкендерде, барлық меншік нысанындағы ұйымдарда, ойын-сауық орындарында ақпараттық парақшаларды орналастырады. Тәртіп сақшылары қоғамға жат әрекеттер мен қадағалаусыз қалу фактілерінің жолын кесу үшін жалдамалы пәтерлерді, базарларды және басқа да сауда орындарын, тұрмысы нашар отбасыларды, жастардың шоғырлану орындарын тексеруде. Сондай-ақ, ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған адамдарды және тұрғылықты жері бойынша азаматтық қару иелерін де тексеру жоспарланған. Осыған байланысты аудан тұрғындары мен қонақтарын полиция қызметкерлеріне барынша көмек көрсетуге шақырамыз және профилактикалық іс-шараны өткізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий