Нашақорлыққа қарсы билборд ілінді
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Ауданда нашақорлықтың алдын алу мақсатында билборд әзірленіп, ілінді. Билбордта нашақорлық тек денені емес, арманыңды да шаншитындығы туралы жазылды. Бұл арқылы аудан тұрғындарын нашақорлықтан аулақ болуға, зиянды әрекеттердің түбі жақсылыққа апармайтындығын еске салады.
Айдана Бекмырза,
«Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы.
