АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ
2 ViewsАудан әкімі Ернар Есіркепов төрағалық еткен кезекті аппараттық кеңесте ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды мәселелер қаралды. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудандық жер қатынастары…
Ағымдағы жылдың 8-10 қараша күндері облыс көлемінде өткен «Борышкер – 2025» жедел профилактикалық іс-шарасы аудан аумағында да бастау алды.
Шараның негізгі мақсаты – борышкерлерге салынған айыппұлдарды өндіру, тұрғындардың төлемдерді уақтылы орындауын қамтамасыз ету және құқықтық сауаттылықты арттыру.
Аудан аумағында жүргізіліп жатқан рейдтік жұмыстар барысында мамандар борышкерлерге айыппұлды өтеу тәртібін түсіндіріп, берешекті дер кезінде төлеудің жауапкершілігі жөнінде ақпарат беруде.
Іс-шараға аудандық полиция бөлімі, аудандық прокуратура, мемлекеттік кірістер басқармасы және басқа да жауапты мекемелердің қызметкерлері қатысуда. Құзырлы органдар өкілдері бірлесе отырып борышкерлермен жеке жұмыс жүргізіп, кеңес беріп, төлем мәселелерін реттеуге көмектесуде.
Жалпы жыл басынан бері «Борышкер – 2025» жедел профилактикалық іс-шарасы аудан аумағында тұрақты түрде өткізіліп келеді. Нәтижесінде борышкерлерден 2 221 түбіртек пен 44 миллион теңгеден аса қаражат өндірілген.
«Құлан медиа» ақпарат.